(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ Ы...
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 63 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы
үлгілік келісім
(2017.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Астана қаласы | «___» _____________________ 20___ ж.
|
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын «________________________» (бұдан әрі - «оператор») атынан ________________________ негізінде әрекет етуші ________________________ бір тараптан және «________________________» (бұдан әрі - «қатысушы банк») атынан ________________________ негізінде әрекет етуші ________________________ екінші тараптан «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.
1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.11.09. № 452 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) - салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі - мемлекет сыйлықақысы) - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі - салым шарты) - салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - бірыңғай тізілім) - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
Редакция документа
Демо – версия документа