«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы (2025.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы
(2025.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы
4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті
5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері
6-бап. Оператордың функциялары
2-тарау. САЛЫМ ШАРТЫ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ
8-бап. Салым шартының талаптары
10-бап. Қатысушы банк сыйақысы
11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету
11-1-бап. Сақтандыру шарты және сақтандыру шартына билік ету
3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері
14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару
14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару
3-1-тарау. БАСТАПҚЫ БІЛІМ БЕРУ КАПИТАЛЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
14-2-бап. Бастапқы білім беру капиталы
14-3-бап. Бастапқы білім беру капиталын пайдалану және қайтару
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім
19-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiн мемлекеттік қолдау
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бастапқы білім беру капиталы - салымшының білім беру жинақтау салымына немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасына есепке жатқызылатын, бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) білім беру жинақтау сақтандыруы - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі - оператор бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі - сақтандыру шарты) - өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық кірісті негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) білім беру жинақтау салымы - салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын және қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақыларын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
5) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі - салым шарты) - салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі - оператор бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) білім беру қызметтері - жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған көрсетілетін қызметтерді білім алушыға ұсыну жөніндегі қызмет;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
10) енгізуші - салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті;
11) кредитор - банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
12) кредиттік желі - қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
13) қарыз алушы - білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) қатысушы банк - осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) қатысушы білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
15) қатысушы-сақтандыру ұйымы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;
16) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) тартуына және бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, сондай-ақ оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен білім беру саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - ынтымақтастық туралы келісім) - Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы немесе оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;
20) пайда алушы - сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы - сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары), бастапқы білім беру капиталы, инвестициялық кіріс, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақылары ескеріліп, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резерві негізге алына отырып айқындалатын мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі - сақтандыру төлемі) - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған пайда алушының білім алу қызметтеріне ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) сақтанушы - пайда алушының ата-анасы немесе басқа жақын туысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (осы Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);
24) салымшы - салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
25) сатып алу сомасы - сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы.
2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) қоғамда білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін ақша жинау мәдениетін дамыту;
2) қоғамда болашақ кәсіпті немесе мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыру.
3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
3) білім беру жинақтау салымы мен білім беру жинақтау сақтандыруының нысаналы мақсаты;
4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі;
5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік тұрғыдан көтермелеу.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап жаңа редакцияда
4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп үлгілік салым және сақтандыру шарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлейді және бекітеді;
6) бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
7) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздері
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 11-бабының 7-тармағында және 11-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға қолданылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салымшы, пайда алушы, қатысушы банк, қатысушы-сақтандыру ұйымы, енгізуші, сақтанушы, оператор, қатысушы білім беру ұйымы, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру саласындағы уәкілетті орган Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылар болып табылады.
6-бап. Оператордың функциялары
Оператор:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қатысушы банкпен, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қатысушы білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісім жасасады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қатысушы банктен, қатысушы-сақтандыру ұйымынан, қатысушы білім беру ұйымынан, салымшыдан, сақтанушыдан және (немесе) пайда алушыдан салым шартын, сақтандыру шартын жасасуға, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, білім беру қызметтерінің құны мен ақысына, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жасалған салым шарттарын, сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады және есепке алуды жүргізеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) тиісінше салымшыда немесе пайда алушыда операторда тіркелген салым шартының немесе сақтандыру шартының, сондай-ақ пайда алушы және салымшы сол бір тұлға болып табылатын сақтандыру шартының немесе салым шартының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады;
5) қатысушы банктен салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау және салымшының жинақталған қаражатын шетелдік білім беру ұйымына аудару туралы растайтын құжаттарды алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылданғаны туралы растау құжаттары қатысушы-сақтандыру ұйымынан алынғаннан кейін және сақтандыру шарты бойынша шетелдік білім беру ұйымына сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен алып тастайды және ол бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазуды тоқтатады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін осы Заңда қойылатын талаптарды қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының орындағаны туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жылына екі рет жариялайды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына есепке жатқызылуға жататын мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қатысушы банктің және қатысушы-сақтандыру ұйымының білім беру жинақтау салымдарына және сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақылары мен бастапқы білім беру капиталының сомаларын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Заңның 14 және 14-1-баптарында көзделген жағдайларда мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуын қайта есептеуді жүргізеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы, бастапқы білім беру капиталы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмені салымшыға, қатысушы банкке, сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына немесе қатысушы білім беру ұйымына береді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе қатысушы білім беру ұйымының бастапқы білім беру капиталының, мемлекет сыйлықақысының сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) салымшыға, сақтанушыға, қатысушы банкке, қатысушы-сақтандыру ұйымына, қатысушы білім беру ұйымына осы Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде қойылатын талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылдайды;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) қатысушы банк осы Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы банкпен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ салымшылардың ақшасын, салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын салымшыныңтаңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-1) қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімді біржақты тәртіппен бұзады, сондай-ақ сатып алу сомасын және сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын сақтанушының таңдауы бойынша басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етеді;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) салымшының немесе пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда, салымшымен салым шартын немесе сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттігі туралы қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.