(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 21 МАУСЫМДАҒЫ № 683 ҚАУЛЫСЫ
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы
(2015.07.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 14 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1381 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi |
|
|
|
| Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 550 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 21 маусымдағы
№ 683 қаулысымен
бекiтiлген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
ережесі
Осы Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару тәртiбi мен мерзiмiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.23.04. № 255 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
Редакция документа
Демо – версия документа