(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИ...
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 11 шілдедегі № 226 бұйрығы
(2024.21.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
2020 жылғы 11 шілдедегі
№ 226 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.29.08. № 394-НҚ бұйрығымен күші жойылды (2024 ж. 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024.20.08. № 364-НҚ бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа