(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВИАЦИЯ ПЕРСОНАЛЫ КУӘЛIКТЕРIН БЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛ...
Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығы
(2023.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.19.07. № 484 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.14.04. № 200 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының 54-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.19.07. № 484 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Авиация персоналы куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа