(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.26.12 № 1384 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 және «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 1384 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бірігу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық байқап тексеруді жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа