Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМІ БАР МАМАНДАРҒА БІЛІКТІЛІК СА...

Осы редакция 2019 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.03.10. № 835 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 416 бұйрығына

6-қосымша

 

 

«Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

(2018.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.05.12. № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің аумақтық департаменттері көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11338 болып тіркелген).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - тиісті біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығымен бекітілген «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасымен бекітілген нысанына сәйкес.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку