«Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына 9-қосымша) (2019.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.04. № 342 бұйрығымен 9-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 293 бұйрығына
9-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 маусымдағы № ҚР ДСМ-65/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.17.07. № 533 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.06.05. № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Порталға жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні;
Порталға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа