«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 148 Қаулысы
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 148 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғаммен бірлесіп (келісу бойынша) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2023 жылғы 22 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
Демо – версия документа