Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНЕРКӘСІПТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ИНДУСТ...

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану турал
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларының 12-тармағының 7) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 29 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру қажет болған жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының бос жер учаскесінің және жер қойнауын пайдалану құқықтарының бар екенін растайтын хатының көшірмесі, сондай-ақ жобаны іске асыруға бөлінген алаңның орналасқан жерінің координаталарын (схемасын) және жоспарланатын ауданын көрсете отырып, жер учаскесін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын алдын ала таңдау актісінің көшірмесі.».

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы

Yкiметiнiң

2022 жылғы 20 маусымдағы

№ 409 қаулысымен

бекітілген

 

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку