«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 69-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 69-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 30 наурыздағы
№ 69-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с№ | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актіні сапалы және уақытылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Демо – версия документа