(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕЙБІ...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 328 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізіліп отырған кейбір бұйрықтардың қоса берілетін тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 328 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланды):
Редакция документа
Демо – версия документа