(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ҚАЖЕТТІ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰЛТТЫҚ Ә...
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 Қаулысы
(2015.28.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары;
2) мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі;
3) Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1384 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі - Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа