(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПК...
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 140 Қаулысы
(2022.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 102 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 102 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022.23.11. № 102 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Редакция документа
Демо – версия документа