Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 684 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 684 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Республикалық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған кәсіпорынның мүлкі есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;

2) қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку