«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 155
Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 155 Жарлығымен
бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес, арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік субъектілердің (бұдан әрі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мына салалардағы қатынастарға:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалауға;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуге;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге;
4) сот төрелігіне;
5) жедел-іздестіру қызметіне;
6) қылмыстық-атқару қызметіне;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауға қолданылмайды.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
Документ утратил силу
Демо – версия документа