«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 156-ө Өкімі
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 156-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған қабылдануы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Премьер-Министрінің
Демо – версия документа