Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛ...

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 Қаулысы

(2005.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

 «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Заңдарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесі;

2) республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесі бекітілсін.

2. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелері бір ай мерзімде осы қаулының 1-тармағының 2 тармақшасында көрсетілген мекемелерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қайта тіркеуді жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір апта мерзімде мемлекеттік мекеме туралы үлгілік ереженің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.

4. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:

1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесін бекіту;

1999 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде орталық атқарушы органдармен келісе отырып, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бағдарламаларды орындайтын мекемелердің тізбесін бекіту; 1999 жылдың 1 ақпанына дейін мерзімде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оларды мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуді жүзеге асыру ұсынылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку