Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.22.06 № 20-V ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Магистральдық құбыр туралы

(2015.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-4-баптар)

2-тарау. Магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік реттеу

(5-10-баптар)

3-тарау. Магистральдық құбыр. магистральдық құбыр мұқтаждарына арналған жерлер

(11-14-баптар)

4-тарау. Магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару

(15-21-баптар)

5-тарау. Магистральдық құбырдың меншік иесінің және оператордың құқықтары мен міндеттері

(22-23-баптар)

6-тарау. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну

(24-29-баптар)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(30-32-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң магистральдық құбырды жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және магистральдық құбырды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алушы - өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарттың талаптарына сәйкес өнім қабылдауды жүзеге асыратын тұлға;

2) жедел-диспетчерлік басқару - өнімді тасымалдау үшін магистральдық құбырды пайдаланудың технологиялық режимдерін орталықтандырылған басқару;

3) жөндеу - магистральдық құбырдың желілік бөлігінің және (немесе) оның объектілерінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;

4) жөнелтуші - өнім өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку