(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ АРЫЗДЫ, ХАБАРДЫ...
Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығы
(2022.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2014.23.12. № 159 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.23.09. № 148 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.14.02. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бас Прокурорының м.а. 2020.02.07. № 82 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 180-бабы 3-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Бас Прокурорының 2016.23.09. № 148 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.14.02. № 20 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу, соның ішінде электронды форматта және қарау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 83 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7293 тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы 22 қарашадағы № 171 (1987), 2011 жылғы 23 қарашадағы № 172 (1988) жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа