Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 458 Қаулысы

 «Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 458 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

О. Бектенов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 12 маусымдағы

№ 458 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2001 жылғы 31 мамырдағы

№ 743 қаулысымен

бекітілген

 

 

Бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік

құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру

 қағидалары

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку