«Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 22 Қаулысы
«Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 22 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық пошта операторы үшін пруденциялық нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық пошта операторы үшін мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:
1) меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,12 құрайды.
Меншікті қаражат жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық пошта операторының меншікті капиталының оның кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтерді есептеу осы қаулыға 1-1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған Ұлттық пошта операторы активтерiнің кестесiне сәйкес жүргізіледі;
2) өтімділік коэффициенті, оның мәні есепті айдың соңында кемінде 0,30 құрайды.
Өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің шамасына қатынасы ретінде есептеледі.».
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Демо – версия документа