«Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер және толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 22 Бұйрыққа
Қосымша
Өзгерістер және толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың
тізбесі
Демо – версия документа