(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕЛЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ АДАМДАРЫН АТТЕСТАТТ...
Осы редакция 2019 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017.27.12. № 901 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 556 бұйрығына
1-қосымша
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.27.12. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлiктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы www.elicense.kz, (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі:
кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру - 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;
кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық түрде.
Редакция документа
Демо – версия документа