«Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына 5-қосымша) (2017.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 115 бұйрығына
5-қосымша
«Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау»
бағалау стандарты
(2017.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2017.24.05. № 599 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара)
1. Осы зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Заңның негiзiнде халықаралық бағалау стандарттарын пайдаланумен әзiрленген және зияткерлiк меншiк пен материалдық емес активтердi бағалау әдiстерiне қойылатын негізгі талаптарды белгiлейдi. Стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы зияткерлiк меншiк объектiлерi мен материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн бағалау үшiн қолданылады.
ҚР Әділет министрінің 2017.24.05. № 599 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.рд.қара)
2. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алу (экстракция) - жанама салыстыру әдiсi. Ол материалдық және материалдық емес активтердiң рентабельдiлiгiнiң орташа салалық көрсеткiштерi бар кәсiпорынның нақты рентабельдiлiгiн талдау арқылы материалдық емес активтердiң есептiк құнын бередi;
2) бағалау объектiсi құнының қорытынды шамасы - бағалаушының бағалаудың түрлi амалдары мен әдiстерiн пайдалану кезiнде бағалау объектiсiнiң құнын есептеу нәтижелерiн негiздеп жалпылау қорытындысы ретiнде алынған бағалау объектiсi құнының шамасы;
3) бiрiктiрiлген төлем - роялти мен тұтас төлемдi қамтитын лицензиялық төлем;
4) дисконттау (капиталдандыру) - болашақтағы ақша ағындарын бағалау объектiсiнiң ағымдағы құнына қайта есептеу;
5) дисконттау ставкасы - болашақта төлеуге немесе алуға жататын ақша сомасын бүгiнгi құнға айырбастау үшiн пайдаланылатын, зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң құнын бағалау кезiнде пайдаланылатын кіріс ставкасы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа