«Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығы (күші жойылды)
«Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 599 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 519 бұйрығымен 2018 жылғы 13 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының 9-бабы 1-тармағына және 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалау қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10580 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» бағалау стандартына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң және материалдық емес активтердiң құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы» Заңның негiзiнде халықаралық бағалау стандарттарын пайдаланумен әзiрленген және зияткерлiк меншiк пен материалдық емес активтердi бағалау әдiстерiне қойылатын негізгі талаптарды белгiлейдi. Стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы зияткерлiк меншiк объектiлерi мен материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн бағалау үшiн қолданылады.»;
2 және 3-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«2. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алу (экстракция) - жанама салыстыру әдiсi. Ол материалдық және материалдық емес активтердiң рентабельдiлiгiнiң орташа салалық көрсеткiштерi бар кәсiпорынның нақты рентабельдiлiгiн талдау арқылы материалдық емес активтердiң есептiк құнын бередi;
Документ утратил силу
Демо – версия документа