(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ...
Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 383 бұйрығы
(2018.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.29.12. № 923 бұйрығымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2014 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 383 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын
жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
Редакция документа
Демо – версия документа