«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 185 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 185 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығында:
1-тармақта 11) тармақша алып тасталсын;
осы бұйрыққа 11-қосымша алып тасталсын.
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ереже;»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті туралы ережені әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;
2) Ережені Комитеттің және Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы бөліністері жеке құрамының зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
Демо – версия документа