(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ АҚПАР...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 Қаулысы
(2019.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі - бірыңғай талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірыңғай талаптардың 140-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 832 қаулысымен
бекітілген
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
бірыңғай талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар (бұдан әрі - БТ) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа