Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 1006 бұйрығы

 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 1006 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку