(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУР...
Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 Қаулысы
Осы редакция 2018 ж. 30 маусымға дейін қолданылған редакция
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақтың аяқталу мерзімі 2018 ж. 30 маусымда
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының 1-тармағында аталған құқықтық актілер қолданысының аяқталу мерзімі 2018 жылғы 30 маусым болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң уақытша Регламентi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары бойынша қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктеріне және Астана қаласының әкімдігіне қолданылсын.
4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа