(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2014....
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа