Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы

(2022.10.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

4) біліктілік сыныптары белгіленетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 ақпан

 

№ 515

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 20 ақпандағы

№ 515 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку