(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦ...
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 Қаулысы
(2016.16.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.16.06. № 353 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа