«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 20 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 наурыздағы № 20 Қаулысы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пруденциялық нормативтерді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерде және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымын қоспағанда, микроқаржы ұйымы үшін - 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
2020 жылғы 1 шілдеден бастап - 50 000 000 (елу миллион) теңге;
Демо – версия документа