(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ҚЫЗМЕТІН БЕЛГІЛЕУ ТУР...
Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметiн белгілеу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 ж. 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығы
(2017.05.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкiл қызметi белгiленсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Адам құқықтары жөніндегі уәкiл туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шаралар қолдансын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкiмшiлiгiне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 947 Жарлығымен
бекітілген
Адам құқықтары жөніндегі уәкiл туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкiл (бұдан әрi - Уәкiл) - өз құзыретi шегiнде адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдау өкiлеттiктерi берiлген, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
2. Уәкiл өз қызметiмен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын қолданыстағы мемлекеттік құралдарды толықтырады. Уәкiлдiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес адамның құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын басқа мемлекеттік органдардың құзыретiн шектемейдi.
3. Уәкiл өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа