(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2009.05.08 № 177 ҚАУЛЫСЫ
Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 177 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 47-бабының 2-тармағының в) тармақшасына, 61-2, 61-3-баптарына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Екінші деңгейдегі банктерді консервациялау және банкті басқару (банктің уақытша басқарушысы) жөніндегі уақытша әкімшіліктің банктің жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы активтері мен міндеттемелерінің бөлігін не толық мөлшерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру бойынша операцияны жүзеге асыруы туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Редакция документа
Демо – версия документа