Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 50 Қаулысы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 50 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жеке құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

Агенттігінің Төрағасы

 

 

М. Абылкасымова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу

және дамыту Агенттігінің

Басқармасының

2023 жылғы 7 маусымдағы

№ 50 қаулыға

1-қосымша

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку