«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 952 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 1 шілде
№ 952
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 1 шілдедегі
№ 952 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтағы «Мемлекеттік хатшысы», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік кеңесшісі», «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі», «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – төраға
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі - төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі - хатшы»,
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі»,
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрі»,
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі» деген сөздер тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – төраға
Демо – версия документа