(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.02.07 № 757 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 757 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Сарыарқа» республикалық велотрегі» және «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондарының кешені» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындардың тиісті саласының уәкілетті органы;
2) кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа