(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИООТЫН ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ АВТОМА...
Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 11-2/13 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 6-бабы 11) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 17 қаңтардағы
№ 11-2/13 бұйрығымен бекітілген
Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз
ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
15 қарашадағы Заңының 6-бабы 11) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ, биоотын өндірісін бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
2. Биоотынды оның өндірісі кезінде автоматтандырылған түрде есептеудің мақсаты ақпаратты биоотын өндірісі бойынша уәкілетті органға кейіннен бере отырып, өндірілген биоотын көлемін үздіксіз өлшеу және бақылау есебі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа