(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.01.06 № 731 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 731 Қаулысы
(2015.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 1 маусымдағы
№ 731 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін еңбекке жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде - телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.»;
4) тармақшадағы «кезінде төленбейді.» деген сөздер «кезінде;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін еңбекке уақытша жарамсыз күндері үшін төленбейді.».
2. ҚР Үкіметінің 2015.29.10. № 862 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа