(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЙБІР ЖАРЛЫҚТ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат; 2003 ж., № 8, 79-құжат; № 49, 558-құжат; 2005 ж., № 32, 424-құжат; 2007 ж., № 3, 35-құжат; 2008 ж., № 38, 404-құжат; № 44, 495-құжат; 2009 ж., № 40, 388-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақтың 11) тармақшасындағы «өндіру болып табылады.» деген сөздер «өндіру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) электр моторлары, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратурасының өндірісі;
13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптар өндірісі;
14) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
2) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат; 2008 ж., № 41, 455-құжат; 2013 ж., № 7, 148-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. АЭА аумағындағы басым қызмет түрлері:
1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары өндірісі;
2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдары өндірісі;
3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім өндірісі;
4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар өндірісі;
5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар өндірісі;
Редакция документа
Демо – версия документа