(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИСЛАМДЫҚ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ ПРУ...
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 1 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, табыс ету мерзімдері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидалары;
Редакция документа
Демо – версия документа