«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 22 тамызда № 592 «Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 22 тамызда № 592 «Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 592 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 11) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Ереженің 15-тармағының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген индустрияландырудың бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Демо – версия документа