Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 426 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 426 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, 13-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8635 тіркелінген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 344 (27618) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-қосымша «Нысан адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсеткені туралы есебіне арналған» осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2-қосымша «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілгені туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебі арналған нысан» осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң көмегін ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың, оны мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Б. Әбдірайым

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің

Ә.Смайылов

2015 ж.

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку