«Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 749 Қаулысы
«Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 749 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасынан пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссияның отырысында өтінімдерді қарауды ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша:
Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берілетін;
ҚӨК ұйымдарына, мемлекеттік білім беру ұйымдарына, музейлерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына (бұдан әрі - Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымы) және жергілікті атқарушы органдарға берілетін;
Демо – версия документа