«Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 Қаулысы (2021.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 Қаулысы
(2021.18.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 33) тармақшасында көзделген пайдаланылмайтын мүлікті қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкінің жекелеген түрлерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару (бұзылуын және жойылуын ресімдеу) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына және оны іске асыру мақсатында қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады»;
7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар алып тасталсын.
Демо – версия документа