(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН Р...
Республикалық бюджет комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 855 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджет комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
2) Комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджет комиссиясы туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 154 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) тұрақты негізде жұмыс істейтін Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 154 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.31.03. № 179 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссия қызметінің құқықтық негізін құрайды.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 154 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Комиссия қызметінің мақсаттары
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 154 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа