(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 - 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2021 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 11 276 999 610 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 635 629 335 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 359 317 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 4 351 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 13 756 154 377 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 107 870 996 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 276 469 394 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 16 258 898 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 16 258 898 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 603 284 661 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -6 963 843 861 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 603 284 661 мың теңге.
2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 300 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 416 380 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2021 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:
1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
Редакция документа
Демо – версия документа